Біз туралы ақпарат

Орталық жетекшісі —  медицина ғылымдарының докторы, денсаулық саласының үздіктеріне берілетін мемлекеттік «Алтын дәрігер» құрметті атағының иегері  Даулетбаев Дамир Абайділдаұлы. ШЖҚ «Алматы онкологиялық орталығы» МКК онкологиялық сырқаттарға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Қазіргі кезде Орталықта 477 адам жұмыс істейді, оның 95-і дәрігер. 8 медицина ғылымдарының кандидаты, 350 орта және кіші медициналық қызметкер бар. Дәрігерлердің 50 % мамандығы бойынша біліктілік санаттарына ие. Біздің Орталық медициналық көмекті кепілді көлем аясында сырқаттарға тегін де, ақылы да көрсетеді.

Толығырақ ақпарат

Амбулаториялық және емханалық жәрдем

Емхана онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық аппаратурамен және жабдықтармен жабдықталған және науқастарды мамандандырылған ем қабылдауға жібереді.  

Ақылы медициналық қызмет бөлімі

Ақылы медициналық қызметтер стационарлық (ауруханаға жатқызу) түрінде де, амбулаторлық тәртіпте (ауруханаға жатқызбай) де көрсетіледі. Ақылы бөлім қызметкерлері емханаға жатқызу құны туралы ақпарат береді.

Мамандар

Біздің мамандар — жоғары санатты дәрігерлер, медицина ғылымдарының кандидаттары.

Зертханалар

Зертхана қызметінің негізгі бағыты — қатерсіз және қатерлі өскіндердің дифференциалды диагностикасына арналған биологиялық материалды зерттеу, қатерлі ісік алды патология мен қатерлі ісікті жетілудің ерте кезеңінде анықтау.

Жаңалыктар

06.12.2017ж.
Дәрігерлер жыр оқып жарысты

Желтоқсан ең мерекеге бай ай. Оның ең бірінші күні, жас мерекелердің бірі «Тұңғыш Президент күнімен» басталса, жылдың ең ауқымды аталып өтетін мейрамдарының бірі «Жаңа жыл» мерекесімен аяқталады. Бұл мерекелердің барлығынан дәрігерлер қауымы да тыс қалмай, барынша атап өтуге тырысады. Алматы онкологиялық орталығында «Тұңғыш Президент күнінің» қарсаңында «Жыр мүшәйрасы» ұйымдастырылып, оған тілек білдіруші медициналық қызметкерлердің барлығы қатысты. Бір қызығы, ақ халатты абзал жандылар тек өзге ақындардың жырларын жаттап қана қоймай жиынға өздерінің де жырларын жаза келген. Тіпті, кейбірулері, жырларын қазақтың қара домбырасымен сүйемелдеп те айтып берді. Орталықтың бас дәрігері, м.ғ.д. Дамир Абайділдәұлы мұндай жиындарды дәрігерлердің арасында жиі өткізіп тұру өте дұрыс деп санайды. Себебі, қай салада жұмыс жасасаңда, ұлттық салт-дәстүрлерді, құндылықтарды насихаттаудан талмау керек дейді ол. Жарыста қазылық етуге нағыз суырып салма ақын, Әнуарбек Байжанбаев, Бейбіт Құсанбек атындағы сыйлықтардың лауреаты Бақыт Жағыпарұлы келді. 1-ші орын алған Жаманбаев Мұхтар – 20 000 теңге, 2-ші орын алған Тұрданов Нұрболат – 15 000 теңге, 3-ші орын алған Мамаева Жазира 10 000 теңге ұтып алды. Сондай-ақ, еш орын алмаған қатысушыларға 5000 теңгеден сыйақы берілді.

Толығырақ
27.11.2017ж.
Құрма обырдың алдын алады

Құрма обырдың алдын алады

Толығырақ
03.11.2017ж.
Қазақстанның Қоғамдық Денсаулық сақтау Қызметі отандастарымыздың артық салмағымен күресті бастайды.

Қазақстанның Қоғамдық Денсаулық сақтау Қызметі отандастарымыздың артық салмағымен күресті бастайды.

Толығырақ

барлық

Бас дәрігер блогы

Дамир Абайділдәұлының
Бас дәрігер

Онкологтың қызметінде УАҚЫТ үлкен маңызға ие...

Алматы онкологиялық орталығы біздің қаламыздың ең көне медициналық мекемелерінің бірі, 60 жылдан бері қызмет етіп келеді.Қәзір онкодиспансерді Даулетбаев Дамир Абайділдәұлы басқарып отыр. .
«Толығырақ»